«Шаншар» әзіл-сықақ театры Алматыда: Күлкіге толы керемет кеш!
Көрерменнің ыстық ықыласына бөленген әйгілі «Шаншар» театры алматылық өнерсүйер қауымды жаңа әзіл бағдарламасымен қуантпақ!
Өмірдің өзекті мәселелерін, қоғамдағы жаңалықтар мен күнделікті тұрмыс-тіршілікті өткір сатирамен, шынайы әзілмен жеткізетін сүйікті актерлер сахна төріне шығады. Көптен күткен тың қойылымдар, халыққа кеңінен танылған образдар мен көтеріңкі көңіл-күй сіздерді күтеді. Барша ағайынды күлкі мен рухани демалыс сыйлайтын көңілді кешті бірге өткізуге шақырамыз!




