Алматы,  Студенческий театр Конкордия
30.03, 19:00
12+
Казахский
75 Минут

Үш қыздың тағдыры

Описание

Автор: Нұрсейіт Жылқышыбай

Режиссер: Рамазан Үсен


«Үш қыздың тағдыры» драма


Кербез де сұлу Гуля – түнгі кабактардың әншісі. Кездейсоқ өзінен жас Роман деген жігітпен кездеседі. Бұл кездесу сезімнің сексен көлін тербетіп қана қоймай, өзара сырласуға ұласады.

Әнші әйел ертегі айтқан Шаһризададай жас жігітті әңгімесімен баурап алады. Бірақ оның әңгімесі тәтті қиялға толы ғажайып ертегі емес еді. Сұлудың жанарындағы жасырын мұң қандай мұң?

Гуляның өткен өмірі өкінішке толы. Адам өз қайғысын, құпиясын жат жанға бөлісуге әуес пе? Оның бақытты көрінген өмірінің қалтарыстары мен бұлтарыстары жария етуге келмес. Бірақ ішін жегідей жеген қайғы сыртқа шықпаса, онсыз да жанып біткен әйелдің жарты жаны не болмақ?

Гуля түнгі көбелек болғысы келді ме? Ол да бойжеткен болды. Ол да махаббатқа сенді. Дүниені өзіндей кіршіксіз деп көрді.


Өз тағдыры ғана емес, үш қызының тағдырына да жауапты еді ғой...


Адрес

Алматы, Студенческий театр Конкордия,
г. Алматы, улица Богенбай батыра, 151