Міне, ол қайта оралды! Ол қайтадан бізбен бірге!
Ұзақ үзілістен кейін белгілі жазушы әрі режиссер Ермек Тұрсынов «Бір жұтым оттегі» (Кусочек кислорода) атты жаңа авторлық әзіл-сықақ бағдарламасын ұсынады. Оның мұндай ерекше атауға ие болуы тегін емес. Осылайша автор көрерменге бір сәт «қайта жүктелуді» ұсынатындай. Яғни, тура мағынасында, екі сағатқа мәселелерді «ұмытып», көңілді де қамсыз күлкіге «берілу». Өйткені бұрыннан белгілі: жүрек пен жанды мейірімді әрі ақылды әзілдей ештеңе емдей алмайды. Ал тұрсыновтық күлкі әлдеқашан өміріміздің айтулы құбылысына айналған. Оның кітаптарын оқып, концерттеріне барып, фильмдерін көргендер мұның не жайында екенін жақсы түсінеді.
Бұл жолы көрерменді көбіне ойдан шығарылғаннан да қызықтырақ болатын өмірдегі шынайы оқиғалар күтеді. Тұрсынов өзінің үйреншікті сенімді мәнерінде — өзіне деген ирониямен және жеңілдікпен — кинодағы және шынайы өмірбаянындағы оқиғалармен бөлісіп, көпшілігі өздерін танитын уақыт туралы баяндайды. Бұл оқиғалардың бір бөлігі оқырмандарға автордың кітаптарынан таныс болса, бір бөлігі тұрсыновтық «толғаныстардан» белгілі, ал кейбірі сахнадан алғаш рет айтылмақ.
«Бір жұтым оттегі» – бұл көрерменмен жанды әңгіме. Бұл сағына күткен қауышу. Бұл ескі доспен жылы жүздесу. Бұл жылулық пен жайлылық. Бұл – таза ауа жұту.
