Авторы: Спектакль жазушы әрі драматург Ольга Степнованың «Аялдама» пьесасының желісімен сахналанған.
Режиссері: Валерий Саркисов
Актерлер: Александр Никитин, Андрей Чадов, Анна Чурина
Жанры: Комедия
Ұзақтығы: Үзіліспен 120 минут
Полина – қалауы заң саналатын, ал өмірі бітпес мерекеге ұласқан (кем дегенде солай болуы тиіс) ерке «ханшайым». Ал Кирилл – жұмысы өткен шаққа үңілумен, ал кештері жайлы тыныштықта өтетін жуас, қарапайым жігіт. Бұл екеуінің жолдары түйіседі деп кім ойлаған? Алайда, олардың автобус аялдамасындағы кездейсоқ кездесуі дүлей дауыл оларды сыртқы әлемнен бөліп тастаған кезде амалсыз оңашалануға ұласады.
Сыртта қолайсыз ауа райы мінез көрсетіп жатқанда, кейіпкерлердің ішінде одан кем түспейтін өзіндік дауыл – сезімдер, күмәндар мен құмарлықтар бұрқасынады. Олар бұл шытырманнан қалай шықпақ? Тек жарқын әзілдің көмегімен ғана! Дәл осы әзіл олардың шатасқан сезімдерін түсінуге және күрделі таңдау жасауға көмектесетін құтқару шеңберіне айналады.
Осы тұста еріксіз ойланып қаласың: біздің өмірімізді шынымен не басқарады – соқыр кездейсоқтық па, әлде салқынқанды есеп пе? Шынын айтқанда, бір тамшы мысқыл мен сыңғырлаған күлкісіз бұл жұмбақтың түйінін тарқату мүмкін емес!
