Ресей Федерациясы, Өзбекстан Республикасы, 2022 ж., 88 мин., (6+)
Реж. Эльдар Салаватов
Жанр: фэнтези, комедия, отбасылық
12 жасар Тимур атасына қонаққа алыс Өзбекстанға демалысқа барады. Алғашқы кеште атасының қорасындағы ескі-құсқының арасынан ол түсініксіз белгілері бар жұмбақ медальонды тауып алады. Кездейсоқ табылған зат Бұхар әмірінің ежелгі қазыналарының кілті болып шығады. Тимурға Даналар сағатына апаратын жолды тауып, уақыт лабиринтіне түсіп, ең бастысы – отбасын құтқару керек.





