RestoForum ең озық және белсенді рестораторларды жинайды!
Сізді екі күндік тәжірибелік тренинг күтеді. Онда сіз өз бизнесіңіздің пайдасын арттыруға арналған дайын рецепттерді аласыз. Ешқандай «табысқа жету» жайында құрғақ сөздер емес — тек нақты шешімдер, цифрлар және келесі күні-ақ қолдануға болатын құралдар! Әр тақырыптық блокты интерактивті пікірталаспен аяқтаймыз, онда сіз өз және өзгелердің кейстерін сарапшылармен және әріптестермен талқылай аласыз.
Өтетін орны мен уақыты: 17–18 маусым, Алматы, InterContinental.
Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Рестораторлар клубы.
1-күннің бағдарламасы:
ПАЙДА
Табыс әкелетін мекемелерді қалай ашуға болады? Түсім бар, бірақ ақша жоқ? Активтер қайда жоғалады және көбірек табыс табу үшін не істеу керек?
- Визионер: Сергей Миронов — ресторатор, «Мясо&Рыба» мейрамханаларының негізін қалаушы, ФРиО Үйлестіру кеңесінің төрағасы (Ресей).
- Тәжірибелі мамандар: Қуат Жағалбайлы — SoloDoo CEO және тең иесі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты, «Жыл басшысы» республикалық сыйлығының иегері; Андрей Чекмарёв — ресторан бизнесінде 20 жылдан астам тәжірибесі бар сарапшы, ресторан маркетингі бойынша кітаптардың авторы, сериялық кәсіпкер.
Ақшаның қайда жоғалатынын түсінген кезде, келесі сұрақ туындайды: асханада не болып жатыр?
ФУД-КОСТ
Асхананы шығын әкелмейтін, керісінше пайда әкелетіндей етіп қалай құру керек? Жеткізушілермен қалай жұмыс істеу, өзіндік құнды басқару және шығынды қалай азайтуға болады?
- Визионер: Александр Прошенков — Lavka by Proshenkov бистросының негізін қалаушы, WHERETOEAT нұсқасы бойынша 2023 және 2025 жылдардың үздік шеф-аспазы.
- Тәжірибелі мамандар: Ресторатор және сарапшы (кандидатурасы нақтылануда), сондай-ақ Дмитрий Папин — iiko бас директоры.
Бірақ нарық сіздің реакцияңыздан тезірек өзгерсе, тіпті мінсіз құрылған фуд-кост та құтқара алмайды.
2-күннің бағдарламасы:
СЫН-ҚАТЕРЛЕР
Нарықтағы трансформация бизнес пен инвестицияға қалай әсер етеді? Дағдарыс кезінде мүмкіндіктерді қалай жіберіп алмау керек? Мемлекеттік реттеу қысымымен не істеу керек?
- Визионер: Әлішер Тойғұлиев — ресторатор, Eva Coffee, Tang Ramen Bar және Kettik Group компанияларының негізін қалаушы.
- Тәжірибелі мамандар: Ирина Лебедева — Қазақстан Республикасы Рестораторлар клубы қауымдастығының қаржы директоры; мемлекет өкілі (кандидатурасы нақтылануда), Магомед Костоев — Bellissimo Pizza Қазақстанның CEO-сы.
Тұрақсыздық жағдайында жұмыс істеуді үйренгендер басты артықшылыққа ие болады — басқалар аман қалуға тырысқанда, олар өсу мүмкіндігіне ие болады.
ӨСУ
Бизнесті қалай дамыту және масштабтау керек? Жаңа нарықтарға қалай шығуға, жаңа бағыттарды ашуға болады және оның барлығына ресурстарды (адамдарды қоса алғанда) қайдан алуға болады?
- Визионер: Дмитрий Прадед — Ресей, Қазақстан, Армения, Әзербайжан, Беларусь және БАӘ-де 250-ден астам нүктесі бар Ебидоеби халықаралық желісінің негізін қалаушы.
- Тәжірибелі мамандар: Ресторатор және сарапшы (кандидатурасы нақтылануда), Елена Победоносцева — UnoDosTres персонал жөніндегі серіктесі, бизнес-тренер, коуч, RMA, SWISSAM және СВЧ мектебінің оқытушысы.
Тағы не бар?
- Пікірлес жандарды табуға көмектесетін жабық желілік чат.
- Осы екі күнді жайлы өткізу үшін дәмді түскі ас және кофе-брейктер.
- Үздік сарапшылардың «консилиумы» арқылы өз мәселелеріңізді шешу мүмкіндігі.
Командаңызбен бірге келіңіз!
