Режиссері: Алексей Кирющенко
Продюсері: Альберт Могинов
Спектакльге қатысатындар: РФ еңбек сіңірген әртістері Николай Добрынин, Елена Валюшкина, театр және кино актрисасы Ася Борисова
Аңызға айналған спектакль! Мәскеулік «Заманауи антреприза театры» ұсынатын «Жақын жандар» («Близкие люди») комедиясы — бір қонақүй бөлмесінің ішінде өрбитін адами қарым-қатынастар туралы жарқын, тапқыр әрі жан тебірентерлік оқиға.
Режиссер Алексей Кирющенко көрерменге ерекше театрлық құрылым ұсынады: бір декорацияның ішінде бір-біріне мүлдем ұқсамайтын екі бөлек оқиға өрбиді. Бірақ оларды ең басты нәрсе — барлық қайшылығымен, үмітімен, күйінішімен және бақыт іздеу жолымен махаббат тақырыбы біріктіреді.
Сахнада — көрерменге танымал әрі сүйікті актерлер: Елена Валюшкина, Николай Добрынин және Ася Борисова. Олардың кейіпкерлері құштарлық пен опасыздыққа, нәзік лирика мен өз-өзіне деген иронияға толы оқиғаларды бастан кешіреді. Оқиға желісі Петербургте өрбиді, ал спектакльге ерекше атмосфера сыйлайтын музыкалық сүйемелдеу — Фрэнк Синатраның танымал дауысымен шырқалатын әндер мен билер жеңіл ностальгия мен романтика сезімін тудырады.
«Жақын жандар» — есте оңай сақталып, қанатты сөзге айналатын өткір де дәл диалогтары бар жағдайлар комедиясы. Сонымен қатар сыртқы жеңілдіктің астарында бір-біріне жақын болу, өзара түсінісу және қарым-қатынаста өз болмысыңды жоғалтып алмау қаншалықты қиын екені туралы терең ой жатыр.
Спектакль көрерменге шынайы эмоция, күлкі және ең маңызды нәрсе — адамдар арасындағы жақындық туралы ойлануға себеп сыйлайды.
