× Восстановить пароль
11
Назад

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат


«Сәби болғым келеді»

«Сәби болғым келеді» фото афиши

«Сәби болғым келеді»

29 октября, 2021 18:00
"Алатау" Театр традиционного искусства (карта)
1,000 ₸
Әнші-композитор Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған еске алу концерті
Подробнее о мероприятии

Тұрсынғазы Рахимов – әнші-композитор. Ел-жұртының жүрегін жарты ғасырға жуық әнімен жұбатқан Тұрсынғазы Рахимов 65 жасқа қараған шағында өмірден өтті.

Ол 1951 жылы 15 қазанда дүниеге келген болатын. Тарбағатайдың төсінде, Өкпетінің бауырында бала дауысы қалыптасқан Тұрсынғазының тынысын кеңейтіп, әніне қанат бітірген Алматыдағы эстрада студиясы және ұстазы Жүсіпбек Елебеков болатын. Кең де асқақ дауысына ұлттық қоңыр бояу қосқан да, шырқау шегін анықтаған да сондағы өнер ұясы еді.Ол ән айтумен қатар, ән шығарды. Өнер иесі Мұқағали көз жұмған тұста ақынның сөзіне жазылған «Сәби болғым келеді» атты алғашқы әнінен бастап, «Аягөз ару», «Бала ғашық», «Отыздан асып барамын», «Қазағым-ай!» атты асқақ та жігерлі, махаббатқа толы ұранды әнмен түйінделген 35 сазды дүниемен ұлы ақынның поэзиясын тірі дауысқа айналдырды. «Қаламқастың қыздары-ай», «Ән-Әміре», «Ән-Әсет», «Ерке жирен», «Қабанбай» секілді 20 - ға тарта әндері ел-жұртының жүрегіне өз даусымен жетті.

Бүгінде ол кісі тірі болғанда 70 жасқа толар еді. Әттең өлшеніп берген өмірі қысқа болды. Десек те, артына өшпейтін қазына қалдырып, қазақ әндерінің алтын қорына мол үлесін қосып кетті. Ағамызды еске алу мақсатында Алматы қаласы Мәдениет басқармасына қарасты «Алатау» дәстүрлі өнер театры мен Семей қаласы әкімдігі бірлесіп «Сәби болғым келеді» атты ән кешін өткізбек.

Кеште - Рамазан Стамғазиев, Еркін Шүкмән, Ерлан Рысқали сынды бір топ өнер майталмандары өнер көрсетеді.

Места