× Восстановить пароль
Назад

Концерты Кино Театры Детям Мастер классы Развлечения Спорт Наследие EXPO 2017 ASTANA Кассы Условия возврата О компании Места Новости Оферта Контакты

«ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ»

«ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ» фото афиши

«ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ»

20 января, 2019 18:30
Казахский музыкально-драматический театр им.К.Куанышбаева
1,000 ₸
Подробнее о мероприятии

М. Әуезов

«Қорғансыздың күні»

драма

Қоюшы режиссері – Ә. Оразбеков, ҚР еңбек сіңірген қайраткері

Қоюшы суретші – Ш. Елембаева

«Қорғансыздың күні» көрерменнің  көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Тағдыр тауқыметін арқалаған  жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап қалуы, Ақан сияқты қатыгез, жауыз, қара ниет ауыл әкімінің тағылық қылықтары әшкереленеді. 

«Қорғансыздың күні» драмасының бас кейіпкері Ғазиза құс атаулының ішіндегі қарлығаштың ұясын ерекше ықылас танытып бақылайтын еді. Байқағаны, қарлығаш бәрінен қымбат «сенім» сезімін білдіріп, балапандарымен еш үрейсіз адамдар жүрген жерге ұя салады екен. Оған құрметпен қараған табиғатынан арманшыл қыздың адамзатқа деген сенімі қандай болды?! Соқыр ана, кәрі әжесімен «қорғансыз» қалған Ғазиза қоғамнан қамқорлық көре алмай, қорлықтан көз ашпады. Режиссер шешімімен оқиғаға араласатын символдық образдар - жетім баланың тағдыр-тіршілігін басқан қара Түнек пен жәбір-жападан қорғауға ұмтылған Жарық диалогі Ізгілік пен зұлымдықтың мәңгілік күресінен көрініс береді.

Места


)