× Восстановить пароль
11
Назад

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат

Неверный формат


ХАЛЫҚ АСПАПТАР АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ

ХАЛЫҚ  АСПАПТАР  АНСАМБЛІНІҢ  КОНЦЕРТІ фото афиши

ХАЛЫҚ АСПАПТАР АНСАМБЛІНІҢ КОНЦЕРТІ

3 октября, 2021 19:00
Государственный Академический казахский музыкально-драматический театр им. К. Куанышбаева (карта)
2,000 ₸
Подробнее о мероприятии

Дирижер: Халықаралық конкурстардың лауреаты Маралжан Мырзақұлова

 

Театрдың көркемдік жетекшісі: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қуандық Қыстықбай

 

Аннотация:

Халық әндері мен күйлері - қазақтың бүкіл тарихының шежіресі, жабырқаса мұңдасы, жадыраса сырласы. Рухани байлығымыздың насихатталуына үлкен үлес қосып, кейінгі ұрпақты ұлттық музыкамызға баулитын Қаллеки театры халық аспаптар оркестірі – біз үшін де, киелі өнер үшін де зор мәртебе. Арнайы кеште сіздер ел жүрегінен орын алған халық музыкасымен сусындап, құлақ құрышыңызды қандыра аласыздар.

 

Қосымша:

Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының Халық аспаптар ансамблі Еуропалық фольклорлық фестивальдер қауымдастығының қолдауымен өткен "AsiaFolk 2021" онлайн фестивалінде Гран-при жүлдесіне (толық ансамбль), І дәрежелі Диплом марапатына (домбырашылар ансамблі) және Франция елі ұйымдастырған «NOUVELLES ETOILES» атты халықаралық онлайн-байқауына қатысып, «Классика және джаз» номинациясында жүлделі 1 орынға ие болды. Қажымұқан Мұңайтпсұлының 150 жылдығына арналған «Көнеден жеткен күмбір» фестивалінде «Ең үздік орындаушы» дипломымен марапатталды.

Места