× Восстановить пароль
Назад

Концерты Театры Мастер классы Цирк Детям Кино Спорт Отдых Туры Наследие EXPO 2017 ASTANA Кассы Условия возврата О компании Места Новости Оферта Контакты

Халықаралық ақындар айтысы " Жыр арқауы - Астана"

Халықаралық ақындар айтысы " Жыр арқауы - Астана" фото афиши
21 октября, 2018 18:00 (несколько дат)
ЦКЗ "Казахстан" Астана
535 - 5,350 ₸
Подробнее о мероприятии

«Жыр арқауы – Астана»

Халықаралық ақындар айтысының

 

Жобаның өткізілетін уақыты: 22-23 қыркүйек 2018 жыл

Жоба өткізілетін орын: Астана қаласы, «Қазақстан» орталық концерт залы

Жобаны ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі

Жобаға қатысушылар: Қазақстан және шет елдерден шақырылатын айтыс ақындары

Айтыстың қоғамдық-әлеуметтік сипатын, көпшілікке ықпалын, барынша кең аудиториясын ескере отырып, жобаны жүзеге асырғанда ел өміріндегі елеулі оқиғаларға, қоғам алдындағы өзекті мәселелерге баса назар аударылады. Қазақстан Республикасының биылғы жылнамасындағы тарихи мән-мағынасы айырықша оқиға - ел Астанасының 20 жылдығы. Астана – мемлекет тәуелсіздігінің символы ғана емес, аз ғана уақыт ішінде ел іргесін бекітіп, еңсесін тіктеу тұрғысында атқарылған алып істердің нақты бейнесі. Сол себепті де Астана тақырыбы жобаның лейтмотив-жүлгесіне айналады. Сонымен қатар жобада қазақ елінің байырғы астаналары, өткен тарихы, бүгінгі тынысы, болашақ мұраты да көрініс табуға тиіс.

Айтыс – ең алдымен суырыпсалмалық қабілетті ортаға салатын сөз сайысы. Сондықтан бұл жыр додасының дәстүрлі поэтикасын, классикалық болмысын сақтап қалу, өлеңмен аяқ астынан суырып салып жауаптасу, қиыннан қиыстырып, сөз тауып кететін ақындық ұшқырлық пен тапқырлыққа негізделген табиғатын бұзбау - жобаның басты көркемдік мақсаты. Жобаның ең соқталы көркемдік міндеті, қатаң ұстанатын принципі - мүмкіндігінше айтыстың импровизациялық сипатын жаңғырту, жанр шартын берік сақтау болмақшы.

«Жыр арқауы – Астана» халықаралық ақындар айтысының негізгі нысана, міндеттері төмендегідей болып айқындалды:

- Айтыс Астананың 20 жылдық мерейтойын әспеттеп, жеткен жетістіктерін, әлем алдындағы беделін, бүгінгі келбетін жырға арқау етеді. Ажарлы Астананың дамуына ерен еңбек, күш-қайрат, ақыл-парасатын арнаған Елбасының еңбегін, Елорда мен Елбасы ұғымын кестелі жыр, көркем ой арқылы жеткізу.

- Ұлы Дала ұрпақтарына бабалардың асыл мұрасын насихаттап, рухани құндылықтарын сіңіру. Мәңгілік елдің ұлы мұратын, ел бірлігін жырлау.

- Астаналар тарихын жырлау арқылы халқымыздың өткені мен бүгінін парықтай отырып, тәуелсіз ел Астанасының қазақ тарихындағы орны мен маңызын айшықтап көрсету.

- Айтыстың синкреттік қасиетін, даралық сипатын, дәстүрлі поэтикалықерекшеліктерін сақтай отырып, жанрлық тұрғыда мүмкіндігінше түрленту.

- «Жыр арқауы – Астана» айтысына еліміздегі үздік ақындармен қатар, шет елдердегі қандастарымыздың ішіндегі айтыскерлерді, қырғыз, қарақалпақ елдерінің төкпе шайырларын қатыстыра отырып, ұлттық өнерді халықаралық деңгейге көтеру.

Ақындардың жұбы (жиыны жиырма ақын) көрерменнің алдында жеребе тарту арқылы анықталады. Бұл арқылы бұған дейінгі айтыстарда ескерілмеген талаптар мен шарттар жүзеге асады.

Әр ақындық жұптың айтысы екі сатыдан тұрады: Түре айтыс және Сүре айтыс. Яғни, айтысқа түскен ақындар әуелі түре айтыста тартысып, содан соң сүре айтысқа ауысады. Түре айтыс пен сүре айтыстың бағалары бөлек-бөлек беріледі де, екеуінде жиналған ортақ ұпай нәтижесі бойынша жеңген ақын айқындалады.

«Жыр арқауы – Астана» халықаралық ақындар айтысы ұлттық дәстүрді сақтай отырып, әдеби-музыкалық ток-шоу форматында өткізіледі. Айтысты айтысқа бейімі бар, елге танымал екі жүргізуші жүргізеді. Айтыс арасындағы музыкалық сүйемелдеу, айтысқа түсетін жұпты екпінді әуенмен көтермелеу фольклорлық топтың орындауында атқарылады. Сонымен қатар айтыскер ақындарды сахнаға қошеметпен алып шығу, оларға марапат жасау рәсімдеріне де көңіл бөлінеді.

Қазылар алқасы әдебиет пен өнердің көпшілікке танымал, беделді қайраткерлерінен жасақталады. Бағалау әр кезеңге сандық жүйе бойынша беріліп, екі кезеңнің ұпай саны бойынша қортынды балы шығады. Сахнадағы экранда әр қазының қойған бағасы көрсетіліп отырады. Басқаша айтқанда, электрондық дауыс беру жүйесі қолданылады. Басты критерийге ақындардың суырып салма тапқырлығы, ұшқырлығы, тақырыпты ашуы, жауаптасуы, айтысу мәдениеті, мақам әуезділігі алынады. Айтыс үстінде көремендер арасында айтыс және Астана тарихы бойынша сауалнама-ойындар жүргізіліп, жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар тарту етіледі.

)