× Восстановить пароль
Назад

Концерты Театры Мастер классы Цирк Детям Кино Спорт Отдых Акции Кассы Условия возврата О компании Места Новости Оферта Контакты

Нұржан Керменбаев

Нұржан Керменбаев фото афиши
Дата: 3 ноября, 2017 Время: 19:00
Дворец Республики (карта)
4,000 - 12,000 ₸
Жанды дауыста мерейтойлық ән кеші
Подробнее о мероприятии

2017 жылы Нұржан Керменбаев сахнадағы 10 жылдық мерейтойын атап өтуде.

3 қарашада Нұржан Керменбаев Алматы қаласы Республика сарайында сүйікті тыңдармандары мен көрермендерінің алдында жеке шығармашылық кешін халыққа тарту етеді. Концертте орындалатын әндердің барлығы тек жанды дауыста!

Осы жылдың үздік, ауқымды шоу-концерті аншлагпен өтеді деп күтілуде. Нұржан өз репертуарындағы елге танылған әндерді орындап, онымен қоса жаңа әндерінің тұсауын кеспек. Superstar.kz жобасының жеңімпазы ретінде алғаш рет танылған Нұржан, қазіргі таңдағы еліміздің эстрадасында өз орнын қалаған әнші.

Нұржан Керменбаевтің жеке шығармашылық кешінде жанды дауыстың рахатына бөлене аласыздар. Керемет шоудың куәгері болып, қайталанбас эмоцияны сезінуге болады. Халықтың жүрегінен орын алған Нұржанның әндері тек осы кеште. Өзіңізге және жақындарыңызға ұмытылмас кеш сыйлаңыздар!